Прагада «Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш» атты кітап жарыққа шықты

Бұл еңбек чех және ағылшын тілдеріне алғаш рет аударылды.

Туындыға қазақ мәдениетінің айтулы қайраткерлері мен қазіргі заманғы алашордашы ғалымдардың еңбектері кірді. Жиында қазақстандық дипломаттар Байтұрсынұлының қазақ тарихындағы айрықша орнына тоқталды. Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу жолы жан-жақты талқыланды. Іс-шараға қатысушылар қазақ елінің тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген табыстары туралы ой-пікір алмасты.

Йиржи Шима, профессор:

- Бүгінгі іс-шараның ортасында жүргеніме өте қуаныштымын. Қазақстанның атақты қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы, Алаш-Орда тарихы туралы кеңірек танып білуге мүмкіндік алып отырғаныма ризамын. Алаш Орда Қазақстан тарихының ажырамас бөлігі.