Әлемдік Nickelodeon телеарнасы қазақ тілінде көрсетіле бастады

Әлемдік Nickelodeon телеарнасы ең танымал анимациялық сериалдарды қазақ тілінде көрсете бастады.

Бұл туралы арнаның сайтында хабарланды.

«Nickelodeon HD – балалар мен жасөспірімдерге арналған бүкіл әлемге танымал телеарнаны енді қазақ тілінде көре аласыздар. Күллі жер бетіне танымал «Спанч Боб шаршы шалбар», «Құтқарушы күшіктер», «Қауіпті Генри», «Тынымсыз балақайлар», «Сэм мен Кэт» және басқа да ең танымал анимациялық сериалдарды тамашалаңыздар. Естен кетпес шытырман оқиғаларға аттануға дайынсыздар ма?» делінген хабарламада.