Таразда қолөнершілердің халықаралық көрмесі өтіп жатыр

4 күнге созылған маңызды шараға еліміз бен 10-нан астам шет мемлекеттен 200-ге тарта қолөнерші қатысуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шеберлер теріден, аң сүйектері мен мүйізінен, ағаш пен темірден жасаған бұйымдарын сатылымға шығарды. Көрмені «Көне Тараз» этномәдени орталығында ұйымдастырған. Ауқымды шараға Дүниежүзілік қолөнер кеңесінің Сараптамалық комиссиясы арнайы қатысты. Ондағы мақсат – шаһарды «Дүниежүзілік қолөнершілер қаласы» тізіміне енгізу. Тараз – бүгінде еліміз бойынша аталған тізімге енген жалғыз қала. Мамандар ұйымға мүше болу халықаралық алыс-берісті кеңейтіп, туристік әлеуетімізді арттыруға мүмкіндік береді, - дейді.

Джаббар Катри, үндістандық қолөнерші:

- Мен Таразға қолөнерші ретінде келіп отырмын. Үндістаннан арнайы келгендегі мақсатым, туындыларым арқылы өз елімнің мәдениетін таныту. Әрі осындағы қолөнершілермен тәжірибе алмасу. Мұнда қолөнершілер өте көп екен. Жалпы Тараз жұрты ұнады. Халқы қонақжай. Алдағы уақытта осындай көрме ұйымдастырылса, міндетті түрде қатысамын.

Біржан Күзембеков, облыстық Туризм басқармасының басшысы:

- Тараз қаласының дүнежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне енудегі ең басты мақсаты – өңірдегі өнеріміздің халықаралық деңгейде танымалдығы, және туристік иммиджімізді көтеру. Жоғалып бара жатқан қолөнер түрлерін сақтап қалу, және оны қайта жаңғырту.