Америка қазаққа құрмет көрсетті. Нью-Йорк төрінде көк туымыз желбіреді. Алып шаһар мэрі Эрик Адамс еліміз бен Нью-Йорктің мәдени байланысы құрметіне Қазақстан мұрасын дәріптеу күнін жариялады.…
Республика күні қарсаңында «Капитан Байтасов» фильмі көрерменге жол тартты. Туындыны Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген. Батырдың ерлігі елге-мұра, ұрпаққа-өнеге.
Астанада «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы өтті. Сөз бәйгесі Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналып, айтыскерлер «Адамзаттың бәрін сүй!» тақырыбында жырлады.
Анкарада атақты күйші, жазушы, этнограф Таласбек Әсемқұловтың «Тал-түс» шығармасы алғаш рет түрік тілінде шықты. Еңбекті аударуға «Көкту» қазақ мәдени қоғамы ұйытқы болды.
Ақтауда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрғиса Дәуешовтің «Тиек» атты шығармашылық кеші өтті. Мәдени шараға келген көрермен заманауи музыкалық туындылармен үндестік тапқан дәстүрлі күйлерді тыңдады. Күйшінің…
Мароккода өткен халықаралық кинофестивальде Қазақстан құрметті қонақ ретінде қатысты. Кинофестивальде 25-тен астам мемлекеттен келген туындылар таныстырылды. Шара аясында Қазақстан Республикасының күні аталып өтті.
«Пушкиннен Шолоховқа дейін: уақыт үндестігі». Астанада осындай атаумен Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің көрмесі өтіп жатыр. Онда орыс әдебиетінің қос алыбы Александр Пушкин мен Михаил…
Мәскеуде «Парасат майданы» қойылымы сахналанды. Адамзаттың ішкі әлемі мен рухани құндылықтарынан сыр шертетін психологиялық драманың көрсетілімі Кіші театрда өтті.
Елордада ерекше білім беруді қажет ететін 200-ге жуық бала қатысқан инклюзивті фестиваль өтті. Шара аясында шеберлік сабақтары мен концерттік қойылымдар ұйымдастырылды. Балаларға арналған түрлі ұтыс…
Елімізде 25 қазанда ұлттық мереке – Республика күні атап өтіледі. Осы айтулы күнге орай Астанада 150-ге жуық мәдени-бұқаралық, білім беру, спорттық және әлеуметтік іс-шара өткізу…
Түркістанда Қазақстанның Халық артисі, көрнекті театр және кино актері Құрманбек Жандарбековтің 120 жылдығына арналған І -республикалық театр фестивалі басталды.
Атырауда өр рухты ақын, дәулескер күйші, баһадүр батыр Махамбет Өтемісұлының шығармашылығын насихаттауға арналған республикалық «Махамбет оқулары» өтті.