Түркістанда Қазақстанның Халық артисі, көрнекті театр және кино актері Құрманбек Жандарбековтің 120 жылдығына арналған І -республикалық театр фестивалі басталды.
Атырауда өр рухты ақын, дәулескер күйші, баһадүр батыр Махамбет Өтемісұлының шығармашылығын насихаттауға арналған республикалық «Махамбет оқулары» өтті.
Көрнекті ғалым, шығыстанушы және ағартушы Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай Алматы іргесіндегі Таңбалы Тас шатқалында халықаралық рухани-мәдени шара өтті.
Мәскеуде Қазақстанның мәдени күндері басталды. Іс-шара екі ел арасындағы мәдени-ақпараттық ынтымақтастықты нығайтып, екіжақты қатынастарды дамытуға бағытталған. Бағдарлама шеңберінде Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейі дайындаған…
Оңтүстік Кореяда Чусок – егін мен ризашылық күні атап өтіліп жатыр. Елде мерекелік іс-шаралар мен концерттер ұйымдастырылды. Корей сахналарында қазақстандық әртістер де өнер көрсетті.