ҚР ДСМ: Коронавирус жұқтырған 288 науқастың жағдайы ауыр

Қазіргі уақытта ел бойынша 22 710 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, оның 288-інің жағдайы ауыр.

Бұл туралы ҚР ДСМ баспасөз қызметі хабарлайды.

4 қаңтардағы мәлімет бойынша, 22 710 адам короновирус инфекциясынан (10 533 КВИ+ және 12 177 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 132 пациент стационарда, 17 578 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 288 адамның жағдайы ауыр;
  • 49 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 41 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.