БЖЗҚ сайты істен шықты

Зейнетақы қорының ресми сайты істен шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан отандастарымыз жинақтарын тексере алмай отыр. Осыған дейін сайтта техникалық жұмыстар жүргізіліп жатқаны хабарланған. Бірақ бүгін сұраныс күрт артқандықтан, ресурс шыдай алмағанға ұқсайды. Бірден істен шығыпты. Әзірге сайттың қашан қалпына келері белгісіз. Мамандар тап қазір ешкімнен өтініш қабылдамай жатыр. Президент зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алуға рұқсат беретін заңға қол қойғанымен, Үкімет қаулысы әлі шықпаған. Өтініштерді қабылдау келесі аптада басталады.