Петропавлда уақытша қамауда отырған азаматтар саяси науқанға қатысты

Тергеудегілер де таңдау жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Петропавлда ЕС 164/1 мекемесінде уақытша қамауда отырған азаматтар саяси науқанға қатысты. Бұл жерде №656 сайлау учаскесі құрылған. Сот үкімі күшіне енбеген және тергеліп жатқан 154 адам конституциялық құқықтарын пайдаланып, таңсәріден дауыс берді. Сайлау процесі өтетін орында санитарлық талап қатаң сақталып, қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Жалпы айта кету қажет, өңірде 12 жабық учаскесі жұмыс істеп тұр. Олардың басым бөлігі ішкі істер құрылымдары, әскери бөлімдер мен денсаулық сақтау ұйымдарында орналасқан.

Рустан Ахметжанов, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қажд бастығы:

- Соңғы күндері келген азаматтар карантинге алынды. Сондықтан оларға жылжымалы сайлау жәшігі қарастырылған. Яғни бұл жандар камерада дауыс береді. Айта кетейін, тергеу мекемесінде екі адам бүгін алғаш рет сайлауға қатысып отыр.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев