ШҚО-да байқаушы сайлау ережесін бұзған

Сайлаудың басталғанына жарты күн өтті, деп хабарлады «Хабар 24».

Таңғы жетіден есігін айқара ашқан дауыс беру орындарында жұмыс қызған. Тұрғындар да азаматтық парызын өтеуге жауапкершілікпен қарап жатыр. Ал саяси салмақты шараның заң талаптарына сай өтуі бейпартиялық байқау штабы мамандарының назарында. Әр облыстағы ахуалды зерделеп отырған олар сайлау барысы туралы соңғы ақпаратпен бөлісті.

Бану Нұрғазиева, Бейпартиялық байқау орталығының басшысы:

– ШҚО бойынша басшымыз хабарласып былай деді: «трансляция беріліп жатыр, басқаларына жұмыс істетпей кедергі келтіріп жатыр». Оған қатысты басқа байқаушылар акт толтырып, кедергі келтірген байқаушы учаскеден шығарылды.