Алматыда суға шомылу рәсімі арнайы белгіленген бес орында өтеді

Олар қажетінше жабдықталып, кезекшілік ұйымдастырылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты ірі шіркеулерде жылдағыдай суға түсу болмайды. Үлкен және Кіші Алматы, Қарғалы, Ақсай, Есентай өзендері мен басқа су қомайларында діни ғұрыпты атқаруға рұқсат берілген жоқ. 18-ші қаңтардан 19-шы қаңтарға қараған түні тыйым салынған орындарда Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Жергілікті полиция қызметімен бірлесіп рейдтер өткізеді.

Ерғали Көшеке, қалалық дін істері басқармасы басшысының орынбасары:

– Православтық жамағатты біз коллективный, бұқаралық шараға қатысуға бармауға үгіттейміз. Қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұраймыз. Дегенмен де жалпы қалалық службалар тарапынан өз кезегінде барлық осы өтетін орындарды тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылатын болады. Әкімдік өз тарапынан бақылауды қамтамасыз етеді.