Профессор: Қазақстандық вакцина сенімді әрі қауіпсіз

«Қазақстан екпесі Ресейдің «Спутник-V» вакцинасынан әлдеқайда жақсы», дейді мамандар.

Себебі ол ерекше күтімді қажет етпейді. Кез келген мұздатқышта сақтауға болады. Бұл – профессор Әлім Әкімбаевтың пікірі. Бір қораптағы вакцина бірден 5 адамға салынады. Дәрігерлер коронавируспен ауырған адамға 6 айдан кейін ғана екпе салуға кеңес береді.

Әлім Әкімбаев, профессор:

- Меніңше, қазақстандық вакцинаны қолданған дұрыс. Ол аса күтімді қажет етпейді. Кез келген жерге тасымалдау жеңіл. Температура талғамайды деуге негіз бар. Себебі 8 градус қысымда да ол өз құрамын өзгертпейді. Бұл өте жақсы көрсеткіш деп айтар едім. Бұл пікірді маман ретінде айтып отырмын.

Сондай-ақ...