Түркістан облысында бір млн-нан астам адамға екпе салынады

Түркістан облысында вакциналауға дайындық шаралары қызу жүргізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ең бірінші кезекте 1300-ге жуық адамға «Спутник V» екпесі салынады. Вакцинаны алғашқылардың бірі болып жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкерлері, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері және жалпы қызыл аймақта жұмыс істейтін мамандар алады. Жергілікті денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өңірге вакциналар кезең-кезеңімен жеткізілетін болады. Аймақ бойынша бір миллионнан астам адамға екпе салу жоспарланып отыр.

Марат Пәшімов, облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы:

Түркістан облысы вакцинация жасауға дайынбыз. Біздің облыста қазір екі үлкен мұздатқыш камера бар. Қосымша 15 ақпанға дейін тағы екі үлкен мұздатқыш камера жеткізіледі.