Атырау облысында 245 медицина қызметкері екпе салдырды

Елде вакциналау шарасы басталғалы Атырау облысында 245 медицина қызметкері ерікті түрде екпе салдырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір барлығының жағдайы қалыпты. Препараттың жанама әсері байқалмаған. «Медицина қызметкерлері тарапынан екпе салдыруға қарсылық жоқ», - дейді жауаптылар. Аймақта вакциналау жұмыстары 24 медициналық ұйымда жүргізіліп жатыр. Оның 16-сы облыс орталығында, қалғаны аудандарда орналасқан

Нұргүл Смағұлова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі:

- Корнавирус індетіне қарсы вакцинаны салудың өзіндік негізгі шарттары, алгоритмдері бекітілген болатын. Бірінші кезекте медицина қызметкерлері, одан кейін мұғалімдер, полиция қызметкерлері, құқық қорғау саласының қызметкерлері кезең-кезеңімен екпе алатын болады.