417,90 504.70 5.63
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменді қар басып қалды

  • 147
  • UPD: 14:42, 04.02.2021
Өскеменді қар басып қалды

Өткен түннен бері өңірге 30 сантиметрге жуық ақ ұлпа түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осының кесірінен қалада қозғалыс қиындады. Қоғамдық көліктер кестеден шығып, тұрғындар жұмысқа кешігуге мәжбүр болған. Жеке көліктердің көбі орнынан қозғала алмай сол жерде әлі батып жатыр. Тіпті кейбір шеткі шағын аудандарда жол мүлде жоқ. Ал қарды шығаруға тек қаланың коммуналдық мекемесінен 90-ға жуық техника мен 150-ден аса жұмысшы жұмылдырылған. Сонымен қатар ауа райын қолайсыздығынан бірқатар бағыттағы республикалық автокөлік жолдары әлі жабық тұр. Жалпы, қыс түскелі Өскеменнен 50 мың текше метр қар шығарылған.

Тимур Екібасов, қалалық коммуналдық мекеме жетекшісі:

- Кеше кешкі тоғыз жарымда басталды. Міне, қазір түс уақыты, қар әлі жауып тұр. 12 сағаттан астам қар тоқтамай жауып тұр. Бізде екі бригада бар. Тәулік бойы жұмысшылар істеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы