СҚО-да қаңтар айында 60-қа жуық интернет-алаяқтық фактісі анықталды

Солтүстік Қазақстан облысында интернет-алаяқтық фактілері көбейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тек қаңтар айында Петропавлдың өзінде 60-қа жуық осындай қылмыс тіркелген. Қазір әлеуметтік желілерде танымал дүкендердің атын жамылып, жалған жеңілдік жасап, оңай олжаға кенелгендер іздестіріліп жатыр. Полицейлер, әсіресе, онлайн саудада төлемді алдын ала жасамауды ескертеді. Қылмыстың алдын алу үшін тәртіп сақшылары шаһардағы барлық пәтерлерге барып, тұрғындармен жеке-жеке түсіндіру жұмыстарын бастап кетті. Бұл іске жүзден астам полиция қызметкері жұмылдырылды. Олар қалада шамамен 70 мыңнан астам пәтер мен 14 мың жеке тұрғын үйді аралайды. 

Дархан Зияфеддин, қалалық полиция басқармасының бөлім бастығы:

- Жыл басынан бері облыс орталығында 76 алаяқтық тіркелді. Оның ішінде 59 фактісі интернет арқылы жасалынған алаяқтық. Қазіргі уақытта 13 интернет-алаяқтың ашылды. Жедел іздестіру жұмыстары жалғастырылып жатыр. Келтірілген шығын 15 миллион теңгеден асады.