Павлодарда 11 көп қабатты үй сусыз қалды

Павлодар қаласында коммуналдық апаттар жиіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін құбырлар жүйесі сыр беріп, 11 көп қабатты үй мен үш әкімшілік мекеме сусыз қалды. Су таратушы ұйым өкідерінің мәліметінше, 232 пәтер тұрғыны тіршілік нәрінен қағылды. Қазір жөндеу жұмыстары қолға алынып, тұрғындарға су тасымалдау ұйымдастырылды. 200 миллиметрлік су құбырының учаскелері зақымданғаны белгілі болды. Мамандар ақаулар ауа температурасының күт төмендеуі салдарынан болуы мүмкін дейді. Облыс орталығында кеше тағы бір коммуналдық апат болған еді. Құдықтағы бекітпе сынып, су бірнеше көшеге жайылып кетті. Салдарынан ондаған үй тұрғыны судан ажыратылды. Апат салдары бүгін ғана жойылды.

Вадим Паршуков, су таратушы ұйым өкілі:

- Нұрмағамбетов көшесі 22 мекенжайындағы үйдің жанындағы құбырда ақау анықталды. 200 миллиметрлік желі зақымданды. Жеті көп қабатты үй судан ажыратылды. Тағы үш көп қабатты баспана сусыз қалды. Қазіргі уақытта бұл учаскелерде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бірнеше сағат ішінде аяқтаймыз.