Павлодарда жалған құжат жасаумен айналысқан студенттер ұсталды

Әлеуметтік желілерге мониторинг жасау барысында Ішкі істер органдарының куәліктерін дайындау туралы хабарлама анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тексеріс барысында учаскелік инспекторлар жергілікті университеттің екі студентін құрықтады. Олар тәртіп сақшыларының құжаттарын үйлерінде жасаған. Жедел іздестіру барысында  жалған құжаттарды әзірлеуге арналған құрал-жабдықтар мен өзге де айғақ дәлелдер табылды.

Жасқайрат Қайыров, облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары:

- Олардан принтер және процессор, дайын куәліктер және куәлікке дайындап қойған сыртқы қағазы, қызыл парақша табылды. Сол мезгілде 380-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды, сараптама тағайындалды.