СҚО: жетпіс тоғыз елді мекенді су басуы мүмкін

Солтүстік Қазақстан облысында да көктемгі тасқынға дайындық шаралары қолға алынды. Өңірде 2021-2023 жылдарға арналған жол картасы қабылданды. Ол бойынша 23 млрд теңге қауіптің алдын алу шараларына жұмсалмақ.

Атап айтқанда, дамба салу, тас жолдар мен көпірлерді жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр. Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің болжауынша, биыл 79 елді мекенді су басуы мүмкін. Өңірде жер бір жарым метрге дейін қатып қалған.

Мамандардың айтуынша, қар да өте көп.

Сәкен Ағзамов, ТЖД бөлімінің бастығы:

- Қалада Ущев көшесіндегі дамба күрделі жөндеуден өтеді. Жобалық құжаттары дайын. Шамамен 415 млн теңге бөлінеді. Сонымен қатар Ғабит Мүсірепов ауданындағы апттық көпірлер жоспарға енгізілді.