Маңғыстауда іздеуде жүрген екі ер адам ұсталды

«Мигрант» жедел-алдын алу шарасы барысында Маңғыстау облысы ПД криминалдық полиция қызметкерлері іздеуде жүрген екі күдікті адамды ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Шара барысында Өзбекстан Республикасында іздеуде жүрген 48 жастағы ер адам анықталды. Ер адам Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 177-бабының 3-бөлігі (Валюталық құндылықтарды заңсыз сатып алу немесе сату) бойынша іздестірілуде. Аталған факт бойынша қажетті құжаттар жиналды.

Сондай-ақ ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігі (Тонау) бойынша іздеу жарияланған 42 жастағы ер адам ұсталды. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.