Ақтөбелік жастар жалғызбасты қарттарға көмек көрсетіп жатыр

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығында ақтөбелік жастар қайырымды істі көбейтті.

Көпбалалы және аз қамтылған отбасылар мен жалғызбасты қарттарға көмек беріп жатыр. Күн сайын бірнеше қарияның ауласын қардан тазалап береді. Игі іске қаладағы жоғарғы оқу орындары мен колледждердің 100-ден астам студенті үлес қосуда. Соңғы бір айда 50-ге жуық үйдің ауласын тазартқан. Жастардың бұл бастамасын еріктілер де іліп әкетті.

Нұрсұлтан Қалдыбай, қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы:

– Негізгі біздің баратын үйлеріміз бұл жалғызбасты қарт ата-әжелер. Қар жауған сайын хабарласып, қайтадан тазартамыз. Кей үйлерді жыл басынан бері 4-5 рет қайтара ашып жүрген кездеріміз болды. Бұдан бөлек, көпбалалы аз қамтылған отбасыларға материалдық тұрғыдан азық-түліктен көмек көрсетіп жатырмыз.