Алматыда қалыңдығы 20 см қар жауды

Алматы қаласында 24 ақпанда сағат 16:00-де жаңбыр мен қар жауа бастады, ол 25 ақпанда сағат 1:00-де ауа температурасының минус 10 градусқа дейін төмендеуіне байланысты қарға айналды.

Сағат 6:00-ге дейін қалада 15-20 см, таулы және тау бөктерінде 25-35 см қар жауды, деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Көктайғақтың алдын алу үшін қар жауған кезден бастап жолдарға, қиылыстар мен жолайрықтардың кіреберістеріне, тау бөктері мен таулы аймақтарға көктайғаққа қарсы материал себіліп, қар тазаланған.

Қар тазалау жұмысына 560 техника бірлігі, оның ішінде 211 құмлақтырғыш пен 1490 жол жұмысшысы жұмылдырылған. Көктайғаққа қарсы 3540 тонна материал пайдаланылды.

«3:00-ден бастап қар күреу үшін колонналар жол полициясы патрульдік машиналарының еріп жүруімен ұйымдастырылды. Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақ қалталарын, үстіңгі өткелдерді және ортақ пайдаланылатын жерлерді тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Қар тазалау жұмыстары басталды, таңертеңгі қарбалас уақыттан соң қарды сыртқа шығару жоспарланған. Аудандық әкімдіктер мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарын тәулік бойы бақылайтын кезекшілік ұйымдастырылған», - делінген хабарламада.