ҰҚК ұшақ апатынан қаза тапқан әскерилердің фотосы мен мәліметтерін жариялады

Еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда ұшақ апатынан қаза тапқан әскери қызметшілердің суреті мен мәліметтерін жариялады.

Әскери борышын атқару кезінде Авиация бөлімінің штурманы, майор Ғабит Есімдеұлы Барлықбаев,

авиация бөлімі ұшу тобының борт технигі, капитан Досжан Ғалымбекұлы Баймұратов,

авиация бөлімі ұшу тобы экипажының штурманы, аға лейтенант Мұхтар Қажымұқанұлы Сағымбаев,

авиация бөлімі ұшу тобының аға борт механигі, сержант Васильков Евгений Борисович қаза тапты.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті марқұмдардың отбасына, туған-туыстарына және жақындарына көңіл айтты.

Ресми сайтта апатқа ұшыраған АН-26 әскери ұшағының экипажы тәжірибелі әрі кәсіби шыңдалған маман, әскери антқа адал болғаны жазылған.