Апаттан зардап шеккен екі әскериге медициналық көмек барынша көрсетілуде

Алматыда ұшақ апатынан аман қалған Ұлттық қауіпсіздік комитеті Авиация қызметінің екі қызметкеріне барынша медициналық көмек көрсетіліп жатыр. 4-қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатқан жандар қатты күйіп қалған.

Дәрігерлердің айтуынша, кешелі бері өмір үшін күресіп жатқандарға қаладағы ең білікті дәрігерлер операция жасады. Күйіктен бөлек түрлі дене жарақаттары бар науқастардың қазіргі ахуалы ауыр.

Дәурен Түсіпов, қалалық 4-клиникалық аурухананың бөлім меңгерушісі:

- Науқастар түскелі бері біздің ауруханаға керекті мамандар шақырылып консилиум өткізіліп жатыр. Ақыл-кеңестерін алып. Біз сол емдік шараларға айтылған ұсыныстарды қолданудамыз.  

Бүгін Алматы облысының Боралдай кентінде Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің басшылығы 13 наурызда ұшақ апатынан қаза тапқан офицерлерге әскери құрмет көрсету рәсімін өткізді. Сағат 17:22-де ұлттық қауіпсіздік органдарында бір минут үнсіздік жарияланды. Қаза болғандарды жерлеу орнына жеткізу үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің көлік құралдары тартылды. Марқұмдардың туыстары мен жақындарына қажетті көмек көрсетілді. Құрылған ведомстволық жұмыс комиссиясы тарапынан әуе апатының барлық мән-жайын анықтау және борттық өздігінен жазатын құралды талдау бойынша жұмыс жүріп жатыр.

Сондай-ақ...