Киевтен анықтамасыз келген жолаушыдан КВИ анықталды

2021 жылдың 26 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына Британия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Египет, Түркия, Шри-Ланка, Грузия, ҚХР, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 48 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Санитарлық - эпидемиологиялық бақылау комитеті.

5 551 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 5 525 адам, анықтамасыз 26 ҚР азаматы келді.

Оның ішінде Алматы қаласының әуежайына – 26 рейс, 3 264 жолаушы, анықтамамен - 3 254, анықтамасыз - 10;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 259 жолаушы, анықтамамен - 1 245, анықтамасыз - 14;

Шымкент қаласының әуежайына – 9 рейс, барлық 680 жолаушы анықтамамен келген; Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 7 жолаушы анықтамамен келген;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 146 жолаушы анықтамамен келген; Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 145 жолаушы, анықтамамен - 143, анықтамасыз - 2;

Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 150 жолаушы анықтамамен келген;

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 25 наурызында шетелден анықтамасыз келген 19 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Киев – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Сонымен қатар 2021 жылдың 26 наурызында Қырғыз Республикасынан ПТР анықтамасыз ұшып келген Қырғыз азаматы Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды.