Өскеменде жұмысшы ажалына себепкер болған лифт бірер күн бұрын тексерілген

Өскемендегі ана мен бала орталығында жұмысшы опат болды. Электр маманы жеделсатының есігіне қысылып қалған. Оқиға орнына дәрігерлер, құтқарушылар мен полицейлер шақырылғанымен 60 жастағы жұмысшыны құтқару мүмкін болмады.

Дәрігердің айтуынша, марқұмның кеудесі жаншылып кеткен. Осы оқиғаға байланысты комиссия құрылып, оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр. Ал ана мен бала орталығы басшысының айтуынша, жеделсатыны бұдан бірер күн бұрын ғана қызмет көрсетуші компания тексерістен өткізген. 

Ермек Омарбеков Ана мен бала орталығының бас дәрігері:

- Осы оқиғадан бір күн бұрын лифтіге жауапты компания оны тексеріп шыққан еді, ол туралы акт те бар. Енді бұл оқиға жұмыс сәтінде, жұмыс орнында болғандықтан еңбек инспекциясы тарапынан арнайы комиссия құрылып, өз тексерістерін бастап кетті.