Атырау облысында 700 млн теңгеден астам жасырылған салық бюджетке қайтарылды

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті нақты жұмыстар орындалмай және қызметтер көрсетілмей шот-фактураларды заңсыз жазып беру фактісін анықтады.

Осылайша, облыс кәсіпорындарының бірінің басшысы 2015-2019 жылдар кезеңінде 700 млн теңгеден астам сомаға салық төлеуден жалтарған. Аталған факт салықтық тексеру материалдарымен расталған.

Қазіргі таңда салық төлеуден жалтару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, мемлекетке келтірілген залал өтелді.

Ақпарат көзі: ҚР ҚМА баспасөз қызметі