Ұлттық Ұланның 11 мыңға жуық сарбазы вакцина алды

Нақтылай өтсек, 10 мың 608 адам екпенің бірінші компонентін салдырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал 606 адам екінші компонентімен вакциналанды. Күнделікті әскери міндеттерді орындауға кедергі болмас үшін арнайы кесте құрылды. Вакциналау ерікті түрде жүргізіліп жатыр. Жалпы осыған шейін «Спутник V» салдырмағандар «QazVac» екпесін алуға ниетті.

Руслан Жангулин, ҚР ұлттық ұланының баспасөз хатшысы:

- Жеке құрамнан 34 пайыз вакцинациядан өтті. Бұл науқанды жалпы үстіміздегі бірінші жартыжылдықтың аяғына дейін аяқтау жоспарланған. Жалпы әскерлер біздің аумақтарда полиция департаменттарының емханаларында және жергілікті жердегі емханаларда егу шараларын алып жатыр. Мерзімді қызметтегі сарбаздар да вакцинациядан өтіп жатыр.

Сондай-ақ...