Ақтаудағы мектепте 25 ұлт өкілі сабақ береді

Ақтаудағы №23 жалпы білім беру мектебінде 25 ұлт өкілі сабақ береді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Интернационал-педагогтар ұжымы 3 мыңға жуық баланы білім нәрімен сусындатып келеді. Мұнда 24 түрлі ұлт пен этностан тараған жеткіншектер дәріс алады. Кәріс, британ тіпті ұлты удин балалар осы мектепте оқиды. Бұл үрдіс сонау 1998 жылдан бері жалғасып келеді. Сол уақытта білім ордасында балалар Аcсамблеясы құрылған. Ынтымағы жарасқан ұстаздар қауымы этномәдени орталықтармен тығыз әріптестік байланыс орнатыпты.

Ксения Походняк, 11-сынып оқушысы:

- Менің сыныптастарының басым көпшілігі әртүрлі ұлттан тараған. Өз ұлтым – украин. Достарым қазақ, татар, башқұрт, корей халқының өкілдері. Бізді достықтан бөлек мұндағы балалар Ассамблеясы біріктіреді. Мектепті аяқтаған соң Отанымыз – Қазақстанның дамуына өз үлесімізді қосуды армандаймыз.

Гүлрайхан Омашова, №23 мектеп директорының орынбасары:

- Британ ұлтының қызына математиканы, физиканы украин ұлтының мұғалімі сабақ береді. Ұжымның өз арақатынасы өте жақсы. Біздің мектепте жалпы 2 мың 730 бала оқиды.