Алматыда су басу қаупі бар аумақтар бақылауға алынды

Алматыда өткен түнде басталған жауыннан өзен мен арықтардағы су деңгейі көтерілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті қауіпті деген 17 учаскені анықтап, алдын алу шараларын жүргізген. Азаматтық қорғау қызметі қауіпті аймақтарды бақылауға алып, инертті материалдар дайындады. Бостандық пен Түрксіб аудандарындағы көшелер, аула мен жертөлелерде 16 су басу жағдайы тіркелді. Тазалау жұмысына 57 адам, 15 техника жұмылдырылған. Алматыда соңғы бес жылда 497 шақырым арық салынып, 40 шақырым көл саласы ретке келтірілді. Бұл шаралар су басуы мүмкін орындар санын 3,5 есе азайтқан.

Руслан Қасыбаев, Алматы қ. ТЖД басшысы:

- Учаскеде проблемалар жойылды, қалған екі учаскеде жұмыс атқарылуда. Есентай, Кіші және Үлкен Алматы өзендерінің су көлемін азайту үшін судың бір бөлігі тюбинг арқылы ағызылды. Өзендермен еркін ағып жатыр. Су тасқын жағдайы тұрақты және бақылауда.