Коронавирустен емделіп жатқан 181 адамның жағдайы өте ауыр

10 мамырдағы мәлімет бойынша 41723 адам коронавирус инфекциясынан (41 275 КВИ+ және 448 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 15063 пациент стационарда, 26660 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 790 адамның жағдайы ауыр,
  • 181 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 108 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.