Миллиондар қайда жұмсалады?

21 миллион теңге! Бұл – Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының биылғы спорттық шараларды өткізуге қарастырған қаражаты.

Ақпарат бұқараның құлағына жетісімен «қомақты сома пандемия кезінде қайда жұмсалады» деген сұраушылар көбейді. Себебі, елімізде көпшілік жиналатын спорттық, мәдени шараларды өткізуге шектеу қойылғаны белгілі. Өткізгеннің өзінде көрерменсіз онлайн форматқа көшірілді. Осы орайда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы түсінік берді.

Тілекқабыл Есдәулетов, ОДСБ Қаржы-экономикалық бақылау бөлімінің басшысы:

- 21,98 млн теңге деп 7 шараға бөлген себебіміз, бұл жерде сметалық есеп жасағанда әр шараны алдық та, соған бөлдік. Неше шараға жетеді шамамен. Ал ол дегеніңіз, бөліп-бөліп алсақ шетінен, 30-40 шараға жетеді. Бізде бір шараға 3 млн теңгеден келеді. Бірақ оны толықтай алмаймыз ғой, ондай масштабы шара жоқ қой бізде. Бұл есептеп, сметасын жасақтау үшін жасалған нәрсе. Менің сметасын көрсетіп отырғаным да сол себепті, бөліп-бөліп алу үшін. Осы құжаттардың барлығы қолымда бар.