ШҚО-дағы екі теміржол станциясында шектеу енгізілді

Шығыс Қазақстан облысында Өскемен және Жаңа Өскемен аталатын теміржол станцияларында бүгіннен бастап шектеу енгізілді.

Аталған аумақтардан Алматы-Өскемен бағытында қатынайтын пойызға адамдарды отырғызып, түсіруге уақытша тыйым салынды. Билет те сатылмайды.

Атап өтейік, шектеу шығыста коронавирустың өршуімен байланысты. Жолаушылар күн бұрын алып қойған билеттерін тапсырып ақшаларын толық қайтарып алады. Бұл жөнінде «Қазақстан темір жолының» баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ...