СҚО «сары аймаққа» өтті

Елде вирус жұқтыру қауіптілігі бойынша Солтүстік Қазақстан облысы «жасыл аймақтан» «сары аймаққа» өтті.

Өңірде өткен тәулікте 25 адам коронавирус жұқтырған. Қалған облыстардағы эпидахуал жағдайы өзгеріссіз.

Сонымен Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстары, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары «қызыл аймақта».

«Сары аймақта» Алматы облысы, Ақтөбе, Атырау, Шығыс және Солтүстік Қазақстан өңірлері мен Шымкент қаласы бар. Ал «жасыл аймақта» Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда және Қостанай облыстары қалып отыр.