Ақтаудағы көп қабатты үйлердің сыртқы қабырғасына мурал салынып жатыр

Таяу күндері халық жазушысы, абыз Әбіш Кекілбаевтың ірі көлемдегі суретін 4-ші шағын аудандағы баспана сыртынан көруге болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоспар бойынша тағы 9 үйдің қасбеті сырлануы тиіс. Ақындар Фариза Оңғарсынова мен Есенғали Раушановтың де бейнелері орталық жолдар бойындағы ғимараттарда салынады. Сондай-ақ «Мәңгілік алау» жанындағы үйлерде Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова мен Хиуаз Доспанованың суреттері бейнеленеді.

Әбілқайыр Байпақов, қала әкімінің орынбасары:

- Арнайы мамандар шақырылды. Алматы қаласынан. Муралдарды сапалы бояулармен жасайды деп жоспарлап отырмыз. 4-5 күнде бірінші муралымыз аяқталады. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Ақтау қаласына тарту ретінде жасалып отыр. Бұйырса, қалаға көрік беретін өте әдемі болып шығарына сенімдіміз.