425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда отандық ауыл шаруашылығы техникасының сатылымы өсті – ҚР АШМ

  • 81
  • UPD: 13:15, 28.05.2021
Қазақстанда отандық ауыл шаруашылығы техникасының сатылымы өсті – ҚР АШМ pm.kz

Жыл басынан бері фермерлер 140 млрд теңгеге 8 700 техника сатып алды.

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.

«Бастапқы жарна мәселесі шешілді, инвестициялық субсидия енді аванс ретінде пайдаланылуы мүмкін. Осыған байланысты ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу деңгейі оң динамика көрсетіп отырғанын атап өткім келеді. 2021 жылдың 5 айында республика бойынша 140 млрд теңгеге жуық сомаға 8700 техника сатып алынды. Жыл соңына дейін бұл соманы 240 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл Мемлекет басшысының Агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру жөніндегі тапсырмасын орындауға ықпал етеді», – деді бірінші вице-министр.

Сонымен қатар ол биыл отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үлесі едәуір өскенін хабарлады. А.Сапаровтың айтуынша, бұл техникалардың кейбір түрлеріне фермерлер тарапынан сұраныс көп түсіп жатқан көрінеді.

Хабар 24 телеарнасы