Карантин талаптарын сақтамаған бизнес нысандарына 76 млн теңге айыппұл салынды

Елдегі санитарлық талаптардың сақталуы әлі де жіті қадағалауда.

Елордада күн сайын арнайы мониторингтік топ 100-ден аса нысанды тексереді. Орташа есеппен кемі он шақтысы санитарлық норманы бұзатыны анықталған. Ал жыл басынан бері талапты сақтамаған бизнес нысандарына 76 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған. Алматыда 2 мыңнан аса заң бұзушылық анықталған.

Жалпы маусым айында ел бойынша 1000 рейдтік шара өткізу жоспарланып отыр.