ШҚО-да «Денежный поток» қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті айналымы 200 млн теңгеден асатын «Денежный поток» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты.

«Тергеу барысында 2019-2020 жылдары ШҚО-ның екі тұрғыны мессенджер арқылы Ресейдің ірі құрылыс компаниясының қызметі түрінде алаяқтық схеманы ұйымдастырғаны анықталды.

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар екі ай ішінде жарна сомасының 25%-і мөлшерінде апта сайынғы мол пайда табуға уәде берген. Бұған сеніп қалған салымшылар ресми шарттар жасаспаған, ақша аударымдарын ұйымдастырушылардың картасына жіберген», – деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

Қаржы пирамидасына 370-тен астам адам алданып, олардың тек 43-і органдарға жүгінді.

Кінәлі тұлғалар 5 жылға бас бостандығынан айырылды.