Көкшетаудағы апатты үй тұрғындарына жаңа баспана беріледі

Көкшетаудағы апатты үйдің тұрғындарына жаңа баспана беріледі.

Бұл туралы қала әкімі Бауыржан Ғайса мәлімдеді. Айтуынша, Вернадский көшесіндегі 11 үйдің тұрғындары үшін көп қабатты екі үй салынып жатыр. Жаңа баспана «Сарыарқа» мөлтек ауданында бой көтереді. Ал, 90 пәтерлі ескі үй, өткен ғасырдың 1970 жылдары пайдалануға берілген екен. Үй 1995 жылы апатты деп танылған. Алайда, ол кезде жергілікті билік ғимаратты темірсыммен тартып, іргетасын нығайтып қоя салған. Алайда, бұл амалдар да көпке шыдамай, 2017 жылы аталған үйге тағы да «апатты» деген қорытынды шықты. Бұл мәселені тұрғындар талай мәрте көтерді. Біздің арнадан да апатты үй жайлы бірнеше рет көрсетілді. Мәселе енді ғана шешімін табатын болды.

Бауыржан Ғайса, қала әкімі:

- Енді қазір екі үй салып жатырмыз. Бір үйдің төртінші қабатын салып болып жатыр. Екінші үй, анда посадка дұрыс емес болған. Қазір посадка істеп қойдық. Олар бірінші салып жатыр. Жаңа жылға дейін тапсырамыз мына үйлерді.