Түркістандық фермер африкалық жайын өсіруді қолға алды

Түркістан облысында африкалық жайын өсіріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл істі Келес ауданының кәсіпкері қолға алған.

Экзотикалық балық әзірге шағын бассейндерге жіберілген. Фермер оны келешекте көбейтуді көздеп отыр. Су жануарын өсіріп баптаудың қыр-сырын ол, енді оны сатылымға шығаруды көздеп отыр.

Нұрбол Жанұзақов, балық шаруашылығының жетекшісі:

- Енді өзіміздің Қазақстан енді-енді үйреніп жатыр бұл балыққа. Ал, бірақ Ресейден сұраныс үлкен боп жатыр. Биылға бізге 1 мың тонна заказ беріп жатыр. Енді біз мың тонна шығарып бере алмаймыз. Алдағы мақсатта сол мың тоннаны шығаруға әрекет жасап жатырмыз.