Шымкентте қала күні тойланды

«Мерекеңмен, Шымқала!». Осындай атаумен «Түркістан» сарайындағы қала күніне арналған кеш сән-салтанатқа толы болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиында әуелі қала әкімі Мұрат Әйтенов мегаполистің жетістігін сөз етіп, қала тұрғындарын құттықтады.

Мұрат Әйтенов, қала әкімі:

Инвестиция көлемі соңғы үш жылда екі есеге жуық өсіп, 214 млрд теңгеден биыл 400 млрд теңгеге жетеді. 2025 жылға дейін қаладағы негізгі инженерлік инфрақұрылым мәселесі шешіледі. 3 жыл бұрын 402,5 мың шаршы метр тұрғын үй берілсе, биыл бір миллионға жеткізуді жоспарлап отырмыз.

Соңғы уақыттарда мегаполис алып ғимараттардың құрылысы мен инжинерлік инфрақұрылымды жақсартуға күш салып келеді.  Ғылым мен білімде, кәсіпкерлік пен өнерде де елге еңбегі сіңген тұлғалармен мәртебесі биіктеді.

Оңласбек Құлакеев, Шымкент қаласының құрметті азаматы:

– Мен хирургия тәжірибелік саласында жұмыс істеп жүріп ғылымды, ұстаздық жұмысты, денсаулық саласын үйлестіруді қатар алып жүруге тырыстым. Жылдан-жылға шымқаламыз көркейіп, гүлденіп, әлемдегі ең әсем қалалардың қатарында болады деген үміттемін.

Қала күнін атап өту салтанатты шарамен шектеліп қалмайды. Тұрғындар мен қонақтар театрландырылған қойылымдар суретшілердің пленэрі мен кітап көрмесін сондай-ақ түрлі бағдарламалардан тұратын шараларды тамашалайтын болады.

Авторлары: Нұрсұлтан Мұхамеджан, Азамат Саметов