Сарапшы: Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының маңызы ерекше

Елдің Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы әр 5 жыл сайын жаңартылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Және заманауи сын-қатерлерді еңсеру үшін қабылданады. «Бүгін Президент қол қойған құжат осы тұрғыда маңызды әрі өзекті», - дейді сарапшылар.

Манарбек Қабазиев, «Сыртқы экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

- Бұл құжатта көзделген мақсат-міндеттер біздің ел дамуы жолында кездесетін кедергілерді жоюға бағытталған. Бұған дейін де осыған ұқсас стратегия болған. Бірақ бұл жолғысы заманауи сын-қатерлерді еңсеру жолдарын қамтиды. Соның бірі пандемия. Ол еліміздің көптеген олқы тұстарын көрсетіп берді. Келешекте мұндайға жол бермеуіміз керек.