Қарағандыда талапқа бағынбаған 150 нысан анықталды

Қарағанды облысының мобильді топтары биыл 16 мыңға жуық бизнес объектілерін тексерген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның ішінде тек осы айда карантин талаптарын сақтамай, ережеге қайшы келген 150-ге жуық нысан анықталған. Өңірдегі 17 мейрамханада адамдар көптеп жиналып, той үстінде ұсталған.

«Жалпы мамандар әсіресе түнгі көңіл көтеру орындары ережені елей бермейді», - дейді. Салдарынан мыңға жуық адамға айыппұл салынған. Олардан өндірілген айыппұл көлемі 80 миллион теңгеден асып жығылады.