Ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға мораторий мерзімі ұзарды

Ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға жарияланған мораторий мерзімі 2026 жылдың 31-ші желтоқсанына дейін ұзарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал Қазақстан азаматтары мен шетелдіктердің қатысы жоқ заңды тұлғалар жерді жалға алу мүмкіндігіне ие болды.

Бүгін Сенат Жер комиссиясы қызметінің нәтижелері бойынша әзірленген заң қабылдады. Енді аумағы тым үлкен жер учаскелері байқауға шығарылмайды. Сондай-ақ, қабылданған құжат жайылым жетпей отырған елдімекендердің мәселесін шешуді көздейді. Енді жайылымдық жерді жеке меншікке беруге тиым салынады.

Жалпы заңда жердi қорғауға, оны ұтымды және мақсатты пайдалануға арналған бірқатар жаңа норма қарастырылған.