Астана күні тойланбайды

Мерекелік іс-шаралар тек онлайн форматта немесе ашық аспан астында өтеді.

Оның өзінде «Ашық» қосымшасы арқылы ғана рұқсат етіледі. Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты, Бас санитарлық дәрігер жаңа шектеулер енгізді. Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтанда аттракциондар жабылды. Көрермен көп жиналатын концерттер мен спорттық шаралар тоқтатылды. Сонымен қатар экскурсиялық турлар да жүргізілмейді.