Шылым өнімдерін дүкен сөрелеріне жаюға тыйым салынды

Темекі шегуге қарсы шараларды күшейтуге қатысты заң жобасы қабылданған еді. Бүгіннен бастап дүкен сөрелерінде оны ашық сатылымға шығаруға заң жүзінде тыйым салынды. Құжат аясында елде темекі шегуді шектеу және алдын алу көзделген. Бірақ заңнамаға қатысты ой сан түрлі. 

Қазір кез келген дүкен сөресінен «мен мұндалап» тұрған темекіні оңай табуға болады. Бірақ бүгіннен бастап шылым ашық саудада сатылмайды. Арнайы жабық құрылғының ішінде болуs керек. Жаңа заңның талабы сондай. Қазақстанда халықтың 22 проценті шылым шегеді. Бұл әлемдегі темекі тартудың ең жоғарғы көрсеткіштерінің бірі.

Жамиля Садықова, Еуразиялық темекіге қарсы коалиция төрайымы:

- Темекі жарнамасы азайса жастар арасында шылым тарту көрсеткіші 16-дан 23 процентке дейін төмендер еді. Бұл біздің ел болашағы үшін өте қуантарлық жағдай. Себебі жасөспірімдер дүкенде темекінің ашық саудалатынын күнде көрмесе оларда қызығушылық та болмайды. Бұл заң жастар арасында темекі тарту кеңінен қолданылмаса деген мақсатта қабылданып отыр. Дүкендегі сатушылар да ешқандай қарсылықтары жоқ екенін айтады.

Темекіні сауда орындары самсатып сатылымға қойса 65-тен 450-ге дейінгі айлық есептік көрсеткіш бойынша қомақты айыппұл төлеуге мәжбүр болады. Ал егер бұл бірнеше рет қайталанса ол дүкен немесе сауда орыны мүлде шылым бизнесімен қош айтысуы мүмкін. Заң барлығына ортақ. Осы орайда темекі сататын арнайы дүкендердің ахуалы қалай болады? 

Әміржан Қалиев, Қазақстанның алкоголь және темекі өнімдерін өндірушілері  қауымдастығының президенті:

- Бізде мына арнайы дүкендер бар темекі өнімдерін сататын. Онда есігінен 21 жастан асқан адам кіре алмайды. Ол темекі сататын магазин болғаннан кейін оған темекі тартпайтын адамдар кірмейді. Оған тек темекі тартатын адамдар келеді. Енді мына заң бойынша, мына норма бойынша біз өткен жолы бұған назар аудармаппыз. Мына заң бойынша олар да жауып қою керек. 

Осы күзде заңға өзгеріс енгізілуі мүмкін. Яғни тек темекі саудасымен айналысатын дүкендер үшін. Күшіне енген заңға орай тергеп тексерітін топтар рейдпен сауда орындарын аралауды бастайды. Сатпа демейді қалағанша саудамен айналыса беріңіз. Тек темекі жарнамасы менмұндалап тұрмаса болды. Жабық құрылғыда ұстаса жеткілікті.

Гүлзия Нақыпқызы, Жарқын Мырзахан