Елбасы – ел тірегі, абыройы, айбаты

Ертіс өңірінде Астана күніне орай көрме ашылды.

Мәдени шара облыс орталығындағы қазақстандық ақын Павел Васильевтің мұражай үйінде өтті. Көрермен назарына ұсынылған жәдігерлер қатарында елорданың дамуы мен өсіп-өркендеу кезеңдерін паш ететін құжаттардың көшірмесі бар. Сонымен қатар, Еуразия кіндігіне айналған Нұр-Сұлтан қаласы туралы фотоқұжаттар паш етілген. Шараның басты мақсаты – жастарды ел тарихымен таныстыру. Көрмені үш күн бойы тамашалауға болады. Мұнда келушілер 60-тан астам фото және құжаттардың тарихына қанығады.

Закия Мерц, Павел Васильев мұражай-үйінің директоры:

– Елорда күні - ортақ мереке. Біз үшін маңызы ерекше мейрам. Астанамыз еліміздің жүрегі, әлемге танылған шаһар. Бұл жайдан жай емес. Павел Васильевтің ұлты басқа болса да, жаны қазаққа жақын қазақстандық ақын. Сондықтан көрмені осы жерде өткіздік.