Қостанай облысындағы 65 ауылда әкім сайлауы өтеді

Қазіргі кезде бұл лауазымды қызметке 132 адам ұсынылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, Меңдіқара, Федоров аудандары мен Арқалық қаласына қарасты елді мекендерде саяси додаға қатысуға ниет білдіріп отырғандар көп. Ал, Наурызым ауданында төрт ауылдың әкімі сайланады. Мұнда әзірге төрт адам өзін өзі ұсынған. Олар лауазым талаптарына қаншалықты сай келетіні тексерілгеннен кейін ғана үміткер ретінде тіркеуден өтеді. Аудандық сайлау комиссиясының жұмысына 30 адам тартылған.

Наталья Гринь, Наурызым аудандық сайлау комиссиясының төрайымы:

- Учаскелік комиссия тізімді алғаннан кейін ол көпшілік жерге ілініп, әркім тізімде бар-жоғын тексере алады. Ауданда алты дауыс беру учаскесі бар. Негізінен мектептерде орналасқан. Олардың барлығы бұл шараны өткізуге толық дайын.