424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменде тоғандар қызғылт түске боялды

  • 189
  • UPD: 21:17, 13.07.2021
Өскеменде тоғандар қызғылт түске боялды

Өскеменде қызғылт түске боялған тоғаннан қоршаған ортаға келер қауіп жоқ.

Облыстың Бас экологы осылай деп мәлімдеді. Бұл бар болғаны «қызылкүрең бактериялардың» түзілуінен болған құбылыс. Комендант өзенінен қалып қойған көлшік қызғылт күрең түске боялғанына тұрғындар алаңдаған еді. Зерттеулер нәтижесінде су түсінің өзгеруінен қауіптенетін ештеңе жоқ. Мамандардың айтуынша, сол жерге лақтырылған күл қоқыстардың көптігінен оттегі концентрациясы тым төмендеп кеткен.

Данияр Әлиев, облыстық Экология департаментінің басшысы:

–  Химиялық талдау бойынша сол жердегі оттегінің конценттрациясы 1мг болып табылады. Нормасы 4,6 мг ондай концентрация кезінде күлгін бактериялар көбейеді екен. Зияны жоқ. Химиялық талдаулар бойынша ол жерде химиялық ауыр металдар мен сульфаттардың, дәл сондай басқа да улы заттардың концентраты өте төмен.

Хабар 24 телеарнасы