БҚО-да автобустардағы санитарлық талаптың сақталуын волонтерлер бақылайды

Батыс Қазақстанда автобустардағы санитарлық талаптың сақталуын волонтерлер бақылайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін бетпердесіз жүрген 19 жолаушы жауапқа тартылған. Қазір өңірде коронавирус жұқтыру дерегі 17%-ке көбейген. Енді карантин талабы күшейтілетін болды. Ashyq қосымшасына тіркелмеген тамақтану орындары, сауналар мен SPA-орталықтары жұмысын тоқтатады. Сондай-ақ қалааралық автобустар жүрмейді. Азық-түліктен басқа тауар сатылатын дүкендер демалыс күндері жабық болады. Ал, базарлар мен қоғамдық көліктер жексенбіде қызмет көрсетпейді. Бұл өзгерістер 17 шілдеден бастап күшіне енеді.

Айта кетейік, аймақта соңғы 5 күн ішінде 25 мың адам екпе салдырды.

Мұхамғали Арыспаев, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

- Ashyq-пен жұмыс жасайтын кейбір мекемелер бар. Олардың сағаттары да қысқарып жатыр. Сонымен қатар үлкен сауда үйлерінің бұрын жұмыстары сағат түнгі 21.00-ге дейін болса, енді сағат кешкі 18:00-ге дейін жұмыс жасай алады. Ashyq-та болмаған дәмханалардың бәрі жұмысын тоқтатуы керек. Олар тасымалдауға көшуі керек.