424,15 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР ДСМ Pfizer компаниясымен екпе жеткізу бойынша алдын ала келісімге қол жеткізді

  • 118
  • UPD: 23:10, 15.07.2021
ҚР ДСМ Pfizer компаниясымен екпе жеткізу бойынша алдын ала келісімге қол жеткізді

Денсаулық сақтау министрлігі Pfizer компаниясымен биылғы жылдың төртінші тоқсанында вакцинаны жеткізу бойынша алдын ала келісімге қол жеткізгенін хабарлады.

Министрлік пен Pfizer компаниясы арасындағы өзара іс-қимыл шеңберінде құпиялылық туралы келісімге қол қойылғаны айтылды. Енді мәміленің негізгі шарттары туралы Pfizer компаниясымен тұрақты негізде келіссөз жүріп жатыр. Үкімет деңгейінде кеңес өтті. Pfizer компаниясы вакцинаны жеткізу туралы келісім жасау үшін Қазақстан Президентінің Жарлығы қажет екенін хабарлады.

Хабар 24 телеарнасы